Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер заңсыз сақталған үш қаруды тәркіледі

Атыраулық полицейлер заңсыз сақталған үш қаруды тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 наурыз күні сағат 11:17-де Атырау полициясына түзету мекемесінде отырған 24 жастағы ер адам екі мылтықтың жасырылған жері туралы хабарлаған. Ақпаратқа сәйкес тексеру кезінде қарулар анықталып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 287-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ, 7 наурыз күні сағат 20:49 шамасында 23 жастағы жігіт Жайық жағалауынан пневматикалық тапанша тауып алып, өз еркімен полицияға тапсырған.

– Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру