Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік тұрғын алаяққа алданып, 1,1 млн теңгесінен айырылды

Ақтөбелік тұрғын алаяққа алданып, 1,1 млн теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 наурызда Ақтөбе қалалық №2 полиция бөліміне 33 жастағы әйел алаяқтық дерегі бойынша арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, танысы арзан бағамен пәтер сатып алуға жәрдемдесу сылтауымен 1 млн 130 мың теңге сомасындағы ақшасын жымқырған.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 38 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру