Түркістан облысында жол-көлік оқиғасы 13%-ға азайған
Түркістан облысында жол-көлік оқиғасы 13%-ға азайған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы Полиция департаментінің әлеуметтік желідегі Instagram және Facebook ресми парақшаларында тікелей эфир арқылы брифинг өткізіледі. Бұл аптадағы брифингте «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы. Құқықтық тәртіпті нығайту және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында өзекті мәселе айтылып, спикер ретінде ТО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Асылхан Төреханов қатысты.
Жалпы, облыс полицейлерімен жыл басынан бері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қарқынды іс-шаралар ұйымдастырылған. Соның нәтижесінде осы жылдың екі айында жол-көлік оқиғаларының саны 13 пайызға төмендеген. Ал жарақат алғандардың саны 26,7 пайызға азайған. Жалпы, жол бойына шығып кеткен үй жануарларының қатысуымен жыл басынан бері 5 жол-көлік оқиғасы орын алып, 12 адам түрлі дене жарақатын алса, өкінішке орай, 2 адам қаза тапқан.
Осы тұста, ЖПҚ бастығы А.Төреханов жүргізушілерге жол қозғалысы ережесін сақтауды, мал иелеріне төрт түлігін қараусыз жібермеуді ескертеді.
– ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес 14-20 наурыз күндері аралығында облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында бұрын қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 20 қылмыскер ұсталды. Есірткі заттарын заңсыз алып жүргені, сақтағаны бойынша жеті дерек, заңсыз қару сақтаудың бір жайты анықталды, – деді А.Төреханов өз сөзінде.
Аталмыш іс-шарасы аясында түркістандық тәртіп сақшылары облыс бойынша 4 843 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде мас күйде автокөлікті басқарған 42 жүргізуші ұсталды. Ұсақ бұзақылық үшін – 674, қоғамдық орындарда алкоголь ішкені үшін – 328, жолдың қарсы бағытына шыққаны үшін 28 құқық бұзушылық анықталған.
– Жол-көлік оқиғаларының көп кездесетін себептеріне тоқталсам, олар: маневр жасау ережелерін бұзу, қарсы қозғалыс жолағына шығу, қозғалыс жылдамдығын бұзу, көлікте отырып ұялы телефон қолдану, алыс жол жүргенде рульде отырып ұйықтап кетіп аударылу және т.б. Сондықтан жолға шыққанда барынша сақ болыңыздар. Біздің мақсат айыппұл салу емес, барынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жол апаттарының алдын алу, болдырмау. Осы бағытта «Құқықтық тәртіп», «Автобус», «Қауіпсіз жол» деген секілді түрлі жеделдетілген-профилактикалық іс-шаралар өткізіп келеміз. Бауыржан Момышұлы айтқандай, «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды», осыған байланысты барлығымыз қоғамдық тәртіп пен жолда жүру қағидаларын қатаң сақтайық!, -деп атап өтті спикер,