Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда дүкенде психотроптық дәрі сатқан әйел әшкереленді

Атырауда дүкенде психотроптық дәрі сатқан әйел әшкереленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері қаладағы азық-түлік дүкендерінің бірінде психотроптық дәрі сатумен айналысқан 38 жастағы азаматшаны анықтап, ұстады. Одан 29 трамадол және 11 тропикамид тәркіленді.

Аталған азаматша қаңтар айында дәл осындай құқық бұзушылыққа жол беріп, психотроптық дәрілерді саудалағаны үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Қазіргі таңда аталған фактіге қатысты іс-құжаттар жинақталуда.

Атыраулық полицейлер тұрғындардан қандай да бір есірткі қылмысына немесе психотропты дәрі-дәрмектерді заңсыз саудалаған деректер туралы дереу полицияның 102 операторына хабарлауын сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру