Атырауда жыл басынан бері 398 адамға қорғау нұсқамасы шығарылды
Атырауда жыл басынан бері 398 адамға қорғау нұсқамасы шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау қалалық Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірлескен түрде жұмыстар атқаруда.
Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заңының 20-бабына сәйкес, басқарманың тізімдік есебіне «қорғау нұсқамасы» санатымен алынған адамдар мекенжайлары бойынша тексерілді. Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, құқықтық көмектер көрсетілді.
Атырауда жыл басынан бері 398 адамға қорғау нұсқамасы шығарылған. Аталған жұмыстарды атқару барысында қорғау нұсқамасын бұзған 20-дан астам құқық бұзушыға Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 461-бабы (Қорғау нұсқамасын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама рәсімделіп, жинақталған құжаттар Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды.
Еске сала кетейік, жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 73- бабымен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) 342 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.