Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да бес күндік “Мен және менің полицейім” акциясы өткізілуде

СҚО-да бес күндік “Мен және менің полицейім” акциясы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандық полицейлер мектеп оқушыларын өздерінің жұмыстарымен таныстыруда. Өңірде бес күндік “Мен және менің полицейім” акциясы өткізілуде, акция аясында тәртіп сақшылары полиция бөліністеріне балаларға экскурсия ұйымдастырып, күн тәртібі, кезекшіліктің ерекшеліктерімен бөліседі, арнайы техниканы көрсетіп, ішкі істер органдарының тарихымен таныстырады.

Кәмелетке толмағандардың сауаттылығын қалыптастыру, азаматтардың ішкі істер органдарына сенімін арттыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды полиция жұмысымен таныстыру және қауіпсіздік шараларына үйрету – бұл ел аумағында сәуірдің 11-нен бастау алған акцияның мақсаттары мен міндеттері.

– Бірер күн бұрын кезекті экскурсия Полиция департаментінің қызметкерлерімен №1 қалалық орта мектептің 3-4 сыныптың жиырма оқушысына ұйымдастырылды. Балалар Оңтүстік бақылау пунктіндегі полицейлердің жұмысымен танысып, Жергілікті полиция қызметі басқармасындағы патрульдік автокөліктерді, әкімшілік полиция музейіндегі экспонаттарды көрді. Офицерлер өңірлік жол полициясының тарихымен бөлісіп, қоштасар сәтте Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігі туралы ескертті. Экскурсия облыстық қуыршақтар театрында аяқталды, балалар “Түймеқыз” спектаклін тамашалады, – деді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.


Мемлекет басшысымен жарияланған “Балалар жылы” шеңберінде аталған жұмыс жалғасатын болады. Ювеналдық полицияның басты мақсаты – тәрбиесі қиын жасөспірімдердің және олардың ата-аналары тарапынан теріс қылықтарды анықтау ғана емес, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларға қатысты қылмыс пен құқық бұзушылықтарды ескерту, сондай-ақ кәсіптік бағдарлау бойынша жұмыс жүргізу.

Білім ұйымдарында акция күндерінде “Мен және менің полицейім” тақырыбына дәрістер, әңгімелесулер жиі өткізіле бастады. Бұнымен қоса полиция есебінде тұрған тұрмысы қолайсыз отбасыларды тұрғылықты жерлері бойынша тексеру жүргізіледі. Қазіргі кезде облыстың ішкі істер органдарында профилактикалық есепте 263 тұрмысы қолайсыз отбасы тұр, олармен тұрақты негізде профилактикалық әңгіме жүргізіледі.

Акция шеңберінде инспекторлар Петропавл қалалық Косогор ауданында тұратын аталған отбасыларға көмек ретінде киім-кешек пен тәттілер таратты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру