Қостанай облысында екі жылда 300-ден астам адам құқықтық мәртебеге ие болды
Қостанай облысында екі жылда 300-ден астам адам құқықтық мәртебеге ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан аумағында құқықтық мәртебесі реттелмеген адамдарды анықтау бойынша жұмыс жалғасуда. Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро директорының орынбасары Денис Дживага Қостанайда түрлі себептермен әлі күнге дейін құжатсыз тұрып жатқан азаматтарды қабылдады. Мәселелер Қостанай облысы ПД көші-қон қызметінің басшылығымен бірлесіп талқыланды. Басты мақсат – адамдардың барынша көп санына көмек көрсету.
Қостанай қаласы Полиция басқармасының көші-қон қызметі бөліміне облыстың түрлі қалалары мен аудандарынан 20-дан астам адам жүгінді. Олардың әрқайсысы қиын өмірлік жағдайға тап болды.
Солардың бірі – Анжела Азаренко. Ол Қазақстанға 2003 жылы Молдовадан келген. Содан кейін құжаттардың мерзімі аяқталды. Бірнеше мәрте көші-қон қызметіне жүгінген. Қызметкерлер Молдованың Мәскеудегі Елшілігіне көптеген сұраулар жіберді.
– Әрине, полиция қызметкерлері маған көмектесуге тырысты, хат алмасу бірнеше жылға созылды. Өткен жылдың қазан айында ғана менің Молдова азаматы екендігім және паспортты құжаттау үшін Мәскеуге елшілікке келуім керек деген жауап келді, – деді Анжела Азаренко.
Мәселе мынада, Қазақстан аумағында бұл елдің өкілдігі жоқ. Сондықтан Мәскеумен ұзақ хат алмасу көбінесе азаматтарды құжаттау процесін тежейді.
68 жастағы Кладия Ульянова да Қазақстанда Қызыл төлқұжатпен ұзақ уақыт тұрып жатыр. Ол да Молдовадан келді.
Адам құқықтары жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро кеңсесінің заңгері Светлана Хижниченко түсіндіргендей, енді істі, жауап алу процесін жеделдету үшін БҰҰ Халықаралық ұйымы арқылы Молдова Елшілігіне сұрау салу жоспарлануда.
Қабылдауға келген адамдар халықаралық бюроның араласуын талап ететін мәселелерді талқылауға шығарды. Мұнда әрбір өтініш бойынша толық кеңес берілді.
Айта кету керек, азаматтығы жоқ адамдарды анықтау жөніндегі республикалық акция екі жыл бойы өткізіліп келеді және 2020 жылдың соңында басталды.
– Бізде Қазақстандағы өкілдіктермен, консулдықтармен, дипломатиялық миссиялармен байланыс бар, біз өтініш берушілердің мүдделерін білдіре аламыз. Сондай-ақ біз олар үшін анықтамалар, паспорттар алу үшін баж төлейміз. Бізде барлық құқықтық көмек тегін. Негізінен құжаттандыру мәселесі көршілес елдердің өтініш білдіргендердің азаматтығына жататындығы туралы жауап бермейтіндігінде. Көші-қон қызметінің қызметкерлері сұраулар жазады, бірақ жауаптар жоқ. Осы мәселелерді шешуде құқық қорғау ұйымы кері байланыстың тиімді тетіктерін құруға ниетті. Тәжірибе көрсеткендей, көші – қон қызметі тарапынан барлығы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес жасалуда, – деп түсіндірді АҚЖКБ директорының орынбасары Денис Дживага.
Қостанай облысы ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері акция басталғаннан бері облыс аумағында жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрып жатқан 300-ден астам адамды құжаттаған.