Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ер адам танысын 5,6 млн теңгеге қарызға батырған

Қызылордада ер адам танысын 5,6 млн теңгеге қарызға батырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 сәуір күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 52 жастағы қала тұрғыны жүгініп, алаяқтықтың құрбаны болғанын айтқан. Анықталғандай, өткен жылы 22 маусымда танысы қомақты көлемде несие алып беремін деп айтқан. Алайда ол 5,6 млн теңге несиені өзі иемденіп алған.

Қылмысты ашу бойынша жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, 49 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру