Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанның полицейлері гараждан гашиш тапты

Елордалық полицейлер қала аумағында аса ірі көлемде есірткі заттарын өткізу арнасын жою бойынша арнайы операция жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілген ұзақ мерзімді арнайы жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде елорданың 39 жастағы тұрғыны ұсталды.

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері Кинологиялық қызмет орталығының иттерінің көмегімен «Мирный» гараж кооперативінен полиэтилен қап тапты. Оның ішінде «гашиш» есірткі заты болғандығы анықталды. Сатуға дайындалған заттың салмағы 25 келіні құрады.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Акбаровтың айтуынша, бұл жағдайда тәркіленген есірткі құралдарының саны есірткіні тұтыну үшін 5000 бір реттік дозаны құрайды, олардың құны «қара нарықта» 30 миллион теңге болушы еді. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдікті өз кінәсін мойындады. Елорда аумағында есірткі жеткізуге және өткізуге қатысы болуы мүмкін басқа да адамдар анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру