Ақмола полицейлері ата-аналарға көпқабатты үйлердің терезелерінен балалардың құлау қаупі туралы ескертеді
Ақмола полицейлері ата-аналарға көпқабатты үйлердің терезелерінен балалардың құлау қаупі туралы ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысының Полиция департаменті жазғы кезеңнің басталуымен ата-аналарға ерекше назар аударуды ескертеді. Жылы мезгілдің келуімен аймақ аумағында көпқабатты үйлердің биіктігінен балалардың құлауымен байланысты жазатайым оқиғалардың қаупі артады.
Ақмола облысы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің басшысы Айнагүл Қуандықова хабарлағандай, жыл басынан бері көпқабатты үйлердің терезелерінен балалардың құлауының екі фактісі тіркелді. Бір жазатайым оқиға облыс орталығының аумағында, екіншісі Қосшы қаласында орын алды. Тәртіп сақшылары құлау жағдайларының көпшілігі ересектер балаларды қараусыз қалдырған кезде орын алатынын атап айтады.
– 2021 жылы облыс аумағында екі жастан алты жасқа дейінгі балалардың көпқабатты үйлердің терезелерінен құлауының 9 фактісі тіркелді. Сегіз жазатайым оқиға кезінде балалар тірі қалып, түрлі жарақаттармен ауруханаларға жатқызылды, – деді ювеналды полицейлер.
Баланың терезеден құлап кетуімен байланысты апаттың алдын алу үшін негізгі ережелерді сақтау қажет: ешқашан москит торларына сенбеңіз, олар құлаудан қорғауға арналмаған. Пәтерде терезелерді ашып, бөлмені желдетіп, баланың бақылауда екеніне көз жеткізіңіз. Балаға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.