Қарағанды облысының ПД қоян-қолтық ұрыстан ашық турнур өтті
Қарағанды облысының ПД қоян-қолтық ұрыстан ашық турнур өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысының құқық қорғау органдары мен күш құрылымдары арасында қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған қоян-қолтық ұрысынан ашық біріншілік өтті. Турнирға Қарағанды облысының ПД қызметкерлерімен қоса, облыстың басқа құқық қорғау ведомостваларының өкілдері – Қарағанды облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар бойынша департаменті, ҚР ІІМ Қарағанды академиясы қатысты.
14 командадан 74 спортшы күш пен ептілікке сайысты. Ымырасыз күресте жүлделі орындар келесідей бөлінді: 80 кг дейінгі салмақта бірінші орынды – Б.Мінжасов (облыстың ПД ЖҚАЖ), екінші орынды – М.Сарсекеев (облыстың ПД ЖҚАЖ), үшінші орынды – Т.Әбішев (облыстың ПД оқу-жаттығу взводы) жеңіп алды, ал 88 кг дейінгі салмақта бірінші орын – А. Мұқановқа (облыстың ПД ЖҚАЖ) бұйырса, екінші орынды – Ч. Ізмұханов (облыстың ПД ЖҚАЖ), үшінші орынды – Н.Рымқұлов (облыстың ПД ЖҚАЖ) жеңіп алды, сонымен бірге 97 кг жоғары салмақта бірінші орын – Б. Итаевқа (Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-Шығыс ПБ) бұйырса, екінші орын – Д.Жұмановқа (облыстың ПД ЖҚАЖ), үшінші орын – Д.Сыздықовқа (облыстың ПД ЖҚАЖ) бұйырды. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен, меделдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Жеңіске деген ерік үшін» грамотасы А.Маханбетке (ҚР ІІМ Қарағанды академиясы) берілді. «Үздік лақтыру» номинациясы Б.Бекешке (облыстың ПД ЖҚАЖ) бұйырса, «Үздік техника» номинациясы Д.Жетпісовке (облыстың ПД ЖҚАЖ) берілді.