Атырау облысында тұрғындарды 40 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ ұсталды
Атырау облысында тұрғындарды 40 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Атыраулық тұрғын 400 мың теңгесін алаяқтар иемденіп алғаны жөнінде полицияға арызданған. Аталған қылмысқа күдікті 35 жастағы Қарағанды облысының тумасы анықталды. Ол екінші дәрежелі банктер арқылы тауарлық несиелер алып беремін деп адамдардың сеніміне кіріп, қаражатты қалтасына басып отырған.
Күдіктінің бұдан өзге Атырау облысының 40 тұрғынын алдап, 40 млн теңгеге жуық залал келтіргені анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен (Алаяқтық) тергеу жүргізілуде. Күдікті Алматы қаласында анықталып, ұсталып ҚР ҚПК-нің 128-бабына (Ұстап алу негіздері) сәйкес, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.