Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ішкі істер министрі ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырысында есірткі қылмысымен қалай күресуге болатынын айтты

Ішкі істер министрі ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырысында есірткі қылмысымен қалай күресуге болатынын айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің кіріспе сөзінен кейін ІІМ басшысы кеңеске қатысушыларға синтетикалық есірткінің заңсыз айналымы бүгінде тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде есірткі ахуалына айтарлықтай әсер еткенін хабарлады.

Қолжетімділігі мен арзандығына байланысты олар есірткінің дәстүрлі түрлерін (героин, апиын, кокаин) белсенді түрде ығыстыруда. Тәркіленген «синтетика» көлемі соңғы үш жылда 6-дан 140 кг-ға дейін ұлғайды. Осы уақыт аралығында полиция 41 есірткі зертханасын жойды, оның 23-і – осы жылы.

Министр Марат Ахметжанов осы саладағы жазаның қатаңдатылғанын еске салды. Атап айтқанда, өткен жылдың қазан айынан бастап «синтетика» есірткінің ауыр түрлеріне теңестірілді және оларды сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілік бір грамнан (бұрын – 50 грамнан) басталады.

Министрдің пікірінше, «дәріханалық нашақорлық» қарқынды түрде өсуде. Ішкі істер министрлігінің бастамасымен трамадол, тропикамид және азот оксиді сияқты препараттар күшті заттардың тізіміне енгізілген, бірақ олардың заңсыз айналымы үшін нақты жауапкершілік, өкінішке орай, жоқ.

Марат Ахметжанов кеңес отырысына қатысып отырған Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа осы препараттардың айналымына бақылауды күшейтуді ұсынды. Бұл ұсынысты Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин де қолдады.

Сонымен қатар ІІМ есірткі дайындауға арналған прекурсорлардың заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті күшейту бойынша жұмыс жүргізуде.

Сондай-ақ Марат Ахметжанов Ресей ІІМ-мен бірлескен іс-шара туралы айтып берді: осы жылдың көктемінде «синтетиканы» өндіру мен жеткізуді жолға қойған трансшекаралық есірткі тобы қызметінің жолы кесілді. Министр ведомствоның алдын алу жұмысына егжей-тегжейлі тоқталды.

Жыл сайын жастар мен жасөспірімдерді қамтитын 2000-нан астам есірткіге қарсы іс-шаралар өткізіледі (жыл сайын 100 мыңнан астам адам).

Алайда, ІІМ басшысы атап өткендей, «жұмыспен қамтылмаған жастар» есірткі айналымына көптеп тартылуда – бұл студенттер мен мектеп оқушылары. Нашақорлыққа қарсы күресте тек полиция мен денсаулық сақтау органдарының қатысуы жеткіліксіз, сондықтан мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың күш-жігерін бірлесіп жұмылдыру қажет, – деді Ішкі істер министрі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру