5 жасар қыз бен шақалақ сәбиді ата-анасы құлыптаулы көлікте қалдырып кеткен
Жетісайда құлыпталған көлік ішінде 5 жасар қыз бен шақалақ сәби қалып қойған, – деп хабарлайды Polisia.kz
Жетісай АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын, яғни куәгерлердің бірі хабарласып, Жетісай қаласы көшелерінің бірінде Toyota Camry көлігінің ішінде 5 жасар қыз бен шақалақ бөпенің жалғыз қалып, сыртқа шыға алмай қалғаны туралы хабарлаған.
Оқиға орнына бірден шыққан полицейлер тиісті тексеріс жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде балалардың ата-аналары анықталып, жауап алынды. Ерлі-зайыптылардың айтуынша, олар тек диагностикалық орталыққа кезекке тұрып келу үшін кеткенін жеткізген. Бұл аралықта 10 минут шамасында уақыт өткенін көрсеткен.
Аталған жайт бойынша тәртіп сақшылары алдағы уақытта бұндай жағдайдың қайталанбауы үшін кішкентайлардың ата-анасына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда нәресте мен жасөспірім қыздың жағдайы жақсы. Ата-анасымен бірге.