Ақтөбе облысында «Такси» жедел алдын алу іс-шарасы жалғасуда
Ақтөбе облысында «Такси» жедел алдын алу іс-шарасы жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz
25 тамызда «Такси» жедел алдын алу шарасы аясында Хромтау қаласында қалааралық жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын автобустың техникалық жағдайын тексеру мақсатында Ақтөбе – Қызылорда бағытындағы автобус тоқтатылды.
Тексеру кезінде автобуста 40-тан астам жолаушы болған. Тексеру барысында аталған автобус жүргізушісінің автобусты басқаруға арналған санаты жоқ екені анықталды.
Ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автобус мамандандырылған айыппұл тұрағына жеткізілді. Сонымен қатар, жолаушыларды межелі жерге жеткізу үшін қосымша автобус шақыртылды.