Алматылық полицейлер «Жолдағы қабылдау» науқанын өткізуде
Алматыда полиция қызметкерлері «Жолдағы қабылдау» науқанын өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Жолдағы қабылдау» профилактикалық іс-шарасы бүгінде азаматтардың көпшілігіне таныс.
Дәстүрлі науқан азаматтарға ыңғайлы уақытта және ыңғайлы жерде жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында кеңестік және құқықтық көмек алуға мүмкіндік береді.
Халықпен диалог жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша азаматтарды толғандыратын мәселелерді талқылау түрінде жүзеге асырылады.
Бұл жолы шара 9 және 10 қыркүйекте офлайн режимінде өтеді.
Сонымен қатар, полицейлер “жедел желі” жұмысына ерекше назар аударды, ол арқылы азаматтар бүкіл науқан барысында өздерін қызықтыратын сұрақтарын қоя алады: 8-776-777-78-98.
Сондай-ақ, науқан аясында әкімшілік полиция, көші-қон және жергілікті полиция қызметі басшыларының қатысуымен тікелей эфирлер өтеді.