Түркістан облысында кеңсеге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды
Түркістан облысында кеңсеге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Созақ ауданының полиция бөліміне кеңсе қызметкері арызданған. Онда түнгі уақытта белгісіз біреулер ғимаратқа терезе арқылы кіріп, 200 мың теңге болатын теледидар мен 250 мың теңгелік ноутбугты қолды еткен. Ақпарат алысымен оқиға орнына тез арада шыққан учаскелік полицейлер бірден жедел-тергеу тобына хабарлады. Жәбірленушіге келтірілген шығын – 450 мың теңге.
Бұл жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді.
Созақтық полицейлер қажетті жедел-іздестіру шараларын атқарып, бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікпен бұрын сотты болған жергілікті тұрғынды ұстады.
Анықталғандай, сезікті түнгі уақытта ғимараттың ішінде ешкім жоғын пайдаланып, теледидар мен ноутбугты жымқырған. Одан кейін ұрланған затты өзге біреуге сатып жіберіп, ақшаны қажеттілігіне жұмсаған. Айғақты зат алынып, иесіне табысталды. Бүгінде күдікті қамауға алынып, оған қатысты тергеу амалдарды жүргізілуде.