Балқашта полиция қызметкерлері 17 мың бөтелке контрафакталық арақ тәркіледі
Балқашта полиция қызметкерлері 17 мың бөтелке контрафакталық арақ тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облыстық Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен ауыр қылмыстарды ашу бойынша жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында Балқаш қаласындағы мекемелердің бірінде контрафакталық ішімдік заттарын сатумен айналысатындығы туралы ақпарат түсті.
Аталған ақпарат бойынша жедел әрекет жұмыстары барысында полиция қызметкерлері Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерімен бірлесіп қаладағы мейрамханалардың бірінің қоймасында ішімдік заттарын сату фактісін анықтады. Қоймаға жүргізілген тінту жұмыстары барысында полиция қызметкерлері 852 қорап арақ немесе жалған есептік-бақылау нөмірлерімен 17 040 бөтелке тәркіленді. Оқиға орнында 25 жастағы күдікті ұсталды. Сондай-ақ ұсталған азаматтың үйіне жүргізілген тінту жұмыстары барысында аңшы шолақ мылтығы тәркіленді.
Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне тіркелді.
Қазіргі уақытта ішімдік өнімдерін жеткізушіні, контрафакталық алкоголь өнімдері сатылым мен айналымға кеткен жерлерді, сондай-ақ қылмысқа қатысты тұлғаларды анықтау жұмыстары жүргізілуде.