Ақтөбе облысында дүкенге ұрлыққа түскен күдіктілер ұсталды
Ақтөбе облысында дүкенге ұрлыққа түскен күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
12 қазаннан 13 қазанға қараған түні Әйтеке би ауданының Айке ауылындағы дүкенде ұрлық жасалды. Дүкеннен 50-ден астам бөтелке арақ, 48 бөтелке сусын, 60 қорап темекі және 12 мың теңге қолма-қол ақша ұрланған. Жалпы шығын 190 мың теңгеден асады.
Полиция қызметкерлері аталған дерек бойынша жедел іс-шараларды өткізу барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен 22 жастағы екі жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Ұрланған алкогольдік ішімдіктер мен темекі тәркіленді.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Осы баптың санкциясы екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны немесе мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.