Қарағандыда 17 жастағы есірткі жасырушы қолға түсті
Қарағандыда 17 жастағы есірткі жасырушы қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
16 қазан күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен қала көшелерінің бірінде 17 жастағы кәмелеттік жасқа толмаған қыз ұсталды. Онда 20 орам ерекше иісті, өсімдік тектес жасыл түсті заттар болған. Сараптама қорытындысына сәйкес аталған заттар 35.09 гр. марихуана есірткі заты екені белгілі болды.
Ұсталған азаматша тамыз айының басында әлеуметтік желі арқылы «жасырушы» болып жұмысқа тұрғанын түсіндірді. Ол жасаған жұмысы үшін ақшаны электронды-әмиян арқылы алған. Бұл жағдайда кәмелеттік жасқа толмаған азаматша оған жұмыс беруші «куратордың» нұсқұауымен 20 орам марихуана есірткі затын айтқан жерлерге жасыру қажет болған.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабына (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.