Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығыс Қазақстан облысында браконьер 90 келі балықпен ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында браконьер 90 келі балықпен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Браконьерлік фактілерін анықтау және жолын кесу, заңсыз аң аулау мен балық аулауға, сондай-ақ ағаштарды заңсыз кесуге қарсы іс-қимыл мақсатында 20 қазаннан бастап Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

ЖПІШ барысында ШҚО ПД ЖПҚБ қызметкерлері Алтай ауданы полиция бөліміндегі әріптестерімен бірлесіп, Бұқтырма су қоймасының жағасында браконьерді ұстады. Қаскөй балықты өз қайығымен аулаған, кейінірек тәртіп сақшылары 90 келі балықты санап алған.

Тарғабатай ауданында да бұзушылықтар орын алған. Полицейлер Тұғыл ауылының 59 жастағы тұрғыны резеңке қайықта монофиламенттен жасалған синтетикалық торларды қолданып, балық ресурстарын өндірумен айналысқан. Оқиға орнынан тәртіп сақшылары 500 метрлік ау мен қайықты тәркілеген.

Екі факті де ҚР ҚК-нің 335-бабының 1-бөлігі (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру) бойынша тіркелді. Енді ер адамдар үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы 19 қарашаға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру