Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұз полицейлері жоғалып кеткен ер адамды тапты

Екібастұз полицейлері жоғалып кеткен Алексей Рыковты тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz

 31 қазанда полицияға жоғалып кеткен Алексей Рыковтың әйелі хабарласып, оның 2022 жылғы 15 қазан күні үйден жұмыс іздеп кеткенін және осы уақытқа дейін оның орналасқан жерін білмейтінін айтты.

Облыстың барлық аумақтық бөлімшелеріне, сондай-ақ жақын өңірлерге бағдар жіберілді. Бағдарлар Екібастұз қаласы мен өңірлік ауылдары бойынша жапсырылды, ақпарат әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жарияланды. Полиция қызметкерлерімен бірге іздеуге еріктілер мен бей-жай қарамайтын қала тұрғындары белсенді қатысты.

– Біз күн сайын бағыттар жасадық, барлық нұсқалар пысықталды. Сауалнама кезінде туыстары оны бір айдан астам уақыт көрмегенін және бұрын да ешкімге хабар бермей, үйден кетіп қалатынын түсіндірді. Екібастұз қаласы ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы Дәурен Қарашашев жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізгенде, жоғалып кеткен ер адамның орналасқан жерін анықтады. Белгілі болғандай, Алексей Рыбаков Екібастұз қаласынан 58 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалықтарының бірінде ағаш ұстасы болып жұмыс істейтін. Ол айтқандай, өңір бойынша жүріп, жұмыс істеді. Оның өзімен бірге телефоны болған жоқ, – деді Екібастұз Полиция басқармасының бастығы Қайыржан Шақарғалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру