Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада синтетикалық есірткі салынған 13 ораманы таратқан курьер ұсталды

Қызылордада синтетикалық есірткі салынған 13 ораманы таратқан курьер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласы ПБ патрульдік полиция батальон қызметкерлері түнгі сағат 03:00 шамасында сауда үйінің алдында аса ірі көлемде “Пирролидиновалерофенон” есірткі затын жасырын таратып жүрген облыс тұрғынын құрықтады.

Күдіктінің өзінің мобильді қосымшасы арқылы әлеуметтік желіден тапсырыс алып, оларды қала ішіндегі белгілі бір жасырын жерлерге салып отырғандығы анықталды. Полицейлер оны синтетикалық бетбелгі қалдырып жатқан жерінен ұстады. Айғақ зат ретінде барлығы 13 синтетикалық заты бар орама алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат 6 грамнан астам психотропты зат екені анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен (Аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру