Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО тұрғыны есірткімен ұсталды

ШҚО тұрғыны есірткімен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Рефлекс” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ІІМ-нің арнайы мақсаттағы бөлімшесімен бірлесіп, Ұлан ауданының Тоғас көшесінде 24 жастағы тұрғынды ұстаған. Шұғыл тінту барысында жүксалғышта ерекше иісі бар затпен изолентамен оралған 80 байлам табылып, тәркіленген.

Сараптама қорытындысына сәйкес, қаскөйдің 20 полимерлі пакетінде 16,34 грамм психотропты зат А-пирролидиновалерофенон болған. Ұсталған адам 47 полимерлі пакетте жалпы салмағы 16,85 грамм болатын мефедронды сақтаған.

Күдікті адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру