Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда тұрғыны алаяқтық қылмысын ашқан тергеушіге алғыс айтты

Қызылорда тұрғыны алаяқтық қылмысын ашқан тергеушіге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығына қала тұрғыны тергеушіге алғысын білдіріп хат қалдырған болатын.

Жаз айында жәбірленуші Алматы облысындағы жоғарғы оқу орындарының біріне оқуға түсіріп беремін деп алдаған күдікті азаматқа 3,3 млн теңгеден астам ақшасын берген. Ол осы оқиға бойынша Тасбөгет полиция бөліміне арызданған болатын.

Қызылорда қаласы ПБ Тасбөгет  полиция бөлімінің тергеушісі Барысбек Талғатұлы қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп, кәсібилігінің арқасында жедел түрде алаяқтық жолымен алынған қаражаттарын жәбірленушіге толықтай қайтарылды.

– Сізге осы алғысымды жолдай отырып, қылмысты ашуға бар күш-жігерлерін салып, жедел іздестіру іс-шараларын тиімді нәтижемен ұйымдастырған тәртіп сақшысын марапаттауыңызды сұраймын, – деп жазылған келген хатта.

Айта кетейік, қызылордалық тәртіп сақшылары құқық бұзушылықтарға қарсы тұрып, азаматтардың құқығын қорғап қана қоймай, әрдайым көмекке мұқтаж жандарға заң шеңберінде көмек көрсетіп, қоғамның тыныштығын сақтап келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру