Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Құқықтық тәртіп” ЖПІШ: Атырауда 400-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Атырауда екі тәулікте 400-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласының аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу, түрлі қылмыс пен құқық бұзушылықтарға тосқауыл қою мақсатында күнделікті күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Тәртіп сақшылары екі тәулік ішінде 376 құқық бұзушылықты анықтады.

Видео мұнда.

Атап айтсақ, көлікті мас күйде тізгіндеген екі жүргізуші, көлік құралына лэд немесе ксенон жарық шамдарын орнатқан 27 жүргізуші, сақтандыру полисін жасаудан жалтарған 77 жүргізуші, жүргізуші құқығынан айырылған күйде көлік тізгіндеген екі жүргізуші, жаяу жүргінші жолағынан өту тәртібін бұзған 72 тұлға, мемлекеттік белгісі жоқ күйде көлік тізгіндеген бес жүргізуші, қоғамдық орында ұсақ бұзақылық жасаған 56 тұлға, қоғамдық орында мас күйде жүрген 16 тұлға, түнгі тыныштықты бұзған 13 адам анықталып, оларға қатысты әкімшілік шаралар қолданылды.

Сонымен қатар 15 автокөлік арнаулы тұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру