Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер өртке оранған көлікті сөндірді

Атыраулық полицейлер өртке оранған көлікті сөндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қараша күні сағат 07:55 шамасында Атырау қаласы Қ. Сатпаев және А. Молдағұлова көшелерінің қиылысында Renault автокөлігі өртке оранған. Бұл жағдайды жақын маңда жол қозғалысын қамтамасыз етіп тұрған қос тәртіп сақшысы Әділет Қаматай мен Сабыржан Дильмукашев көріп, жедел көмек көрсетуге кіріседі.

Оқиға орнында дер кезінде мемлекеттік автокөліктерінен өрт сөндіру құрылғысын алып, тілсіз жауды ауыздықтайды. Нәтижесінде қызмет барысында қырағылық танытып, жедел әрекет еткен полиция қызметкелері автокөліктің толық өртке орануының алдын алып, жүргізуші өмірін қайғылы жағдай қаупінен арашалап қалған.

Өздеріне жүктелген қызметтік борышын адалдықпен атқарған Атырау қаласының жол патрульдік полиция қызметкерлеріне 65 жастағы автокөлік жүргізушісі өз алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

– Үнемі жол үстінде жүргендіктен түрлі жол-көлік оқиғалары орын алып жатады. Алайда өз басыңнан сол тектес қауіпті жағдайды өткерген кезде не істеріңді білмей қалады екенсің. Осы сәтте маған дереу көмекке келген полиция қызметкерлеріне үлкен рақметімді айтамын. Олар болмағанда бұл жағдайдың соңы не боларын ойлаудың өзі қорқынышты. Сол себепті өз қызметтерін мінсіз атқарып жүрген халыққа жақын тәртіп сақшыларына алғысым шексіз. Жұмыстарыңызға тек сәттілік тілеймін, – дейді автокөлік жүргізушісі.

Атырау облысы Полиция департаменті жүргізушілер назарына сақтық шараларын қатаң сақтап, мұқият болуды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру