Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында бұрын сотты болған ер адам әйелді тонап кеткен

Жетісу облысында бұрын сотты болған ер адам әйелді тонап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қараша күні Текелі қаласының полиция бөліміне 43 жастағы жергілікті тұрғын оны тонап кеткендігі туралы арызбен жүгінді. Белгілі болғандай, кешкі серуен кезінде әйелге белгісіз адам шабуыл жасап, телефоны, 10 мың теңге және жеке құжаттары бар әмиянды күшпен ашық түрде иемденген. Тәртіп сақшылары көрші қала маңындағы ауылдың 42 жастағы тұрғынын анықтай алды.

Ер адам бұрын әртүрлі қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін бірнеше рет сотталған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті Талдықорған қонақ үйлерінің бірінде ұсталып, Текелі қаласына жеткізілді. 

Сонымен қатар полицейлер ұсталған адамның басқа 74 жастағы зейнеткерден ақша мен құжаттары бар әмиянды ұрлауға қатысы бар екенін анықтады. Қолма-қол ақшаны қоспағанда, ұрланған мүлік табылды және заңды иелеріне қайтарылды. 

Тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлімі (Тонау) және ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша жүргізілуде.

Ұсталған күдікті Текелі полициясының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру