Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу полициясы тиктокерлерді ынтымақтастыққа шақырды

Жетісу полициясы жол-көлік оқиғаларының алдын алу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша тиктокерлерді ынтымақтастыққа шақырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

TikTok әлеуметтік желісінде жастар арасында танымал болған алаң жас ерекшеліктерімен аудиторияны жинауды жалғастыруда. Полиция оның мүмкіндіктерін елеусіз қалдырмай, әйгілі жергілікті тиктокерлермен кездесуді ұйымдастырды. Кездесу барысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыбы басты назарға алынды. Ол – бүгінде өңірдегі ең өзекті мәселенің бірі.

Белгілі болғандай, осы жылы облыстың автожолдарында 122 адам қаза тауып, 765 адам зардап шекті. Полиция блогерлерді жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстарға жәрдем көрсетуге шақырды. 

– Біз бәріміз жол қозғалысының қатысушысымыз. Біздің біреуіміз – жаяу жүргінші, біреуіміз – жүргізушіміз. Әркім өз өміріне ғана емес, айналасындағылардың қауіпсіздігіне де жауапты. Мұны халыққа жеткізу керек. Ол үшін біз барлық ресурстарды, соның ішінде миллиондаған оқырманы бар интернет-сайттардың мүмкіндіктерін қолдануымыз керек. Әсіресе, TikTok деп аталатын платформа, онда жастардың да, үлкен жастағы адамдардың да танымалдығы артып келеді, – деп атап өтті облыс ПД бастығының бірінші орынбасары Жасұлан Байкенов.

 Шақырылған қонақтардың ішінде ең жасы – Сұлтан Сапар. Оның парақшасына жазылғандардың саны аз емес. Өз тарапынан ол жол жарақаты тақырыбында вайндар мен қысқа бейнероликтер жасау, сондай-ақ “Жарқын бол!”, “Есіңізде болсын және ойланыңыз!”, “Сіздің жолаушыңыз – бала!” сияқты челлендждер мен акцияларды шығару туралы бірқатар ұсыныстар айтты.

Кездесу соңында полиция мен тиктокерлер арасында өзара ынтымақтастық және түрлі интернет-алаңдарда бірлескен шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру туралы меморандум жасалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру