Петропавлда 1200-ден астам отбасылық жанжалқор жауапкершілікке тартылды
Петропавлда 1200-ден астам отбасылық жанжалқор жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс орталығында жыл басынан бері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін 1200-ден астам отбасылық жанжалқор әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тәжірибе көрсеткендей, тұрмыстық құқық бұзушылықтардың ең көп саны алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде жасалған. Құқық бұзушыларға қатысты мың қорғау ұйғарымы және мінез-құлыққа 210 ерекше талап қойылды. Жалпы, жыл басынан Петропавл қаласының аумағында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 20 қылмыс жасалды. Барлығы әйелдерге қатысты.
Петропавл қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллиннің айтуынша, негізгі міндет – профилактикалық сипатта; полицейлер адам көп жиналатын орындарға барады, оларға құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік туралы еске сала отырып, үй-үйді аралайды. Күнделікті өмірдегі созылмалы қақтығыстар ең ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
Ақ лента – акцияның негізгі символдарының бірі. Оны ұстаған адам тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне жол бермеуге және олардың алдын алуға міндеттеледі. Полицейлер акцияға қатысушыларға да ленталар табыс етті.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары мамандардың кеңестері мен қажетті көмегін 8 (7152) 49-31-58 (Петропавл қаласы ПБ) және 8 (7152) 61-25-30 (СҚО ПД) телефондары арқылы немесе 150 республикалық call-орталығына хабарласу арқылы алуына болады. Сондай-ақ, учаскелік полиция инспекторына немесе «102» арнасына хабарласуға болады.