Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбедегі тергеу изоляторына келген сәлемдемеден бірнеше телефон табылды

Ақтөбедегі тергеу изоляторына поштамен келген сәлемдемеден бірнеше телефон табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №70 қауіпсіздігі аралас мекемесінің режим және күзет бөлімінің қызметкерлері пошта арқылы қабылдау бөлмесіне келген сәлемдемені тексеру кезінде: тарақ, печенье және шәй қорабының ішіне мұқият жасырылған ұялы телефондар мен SIM-карталарды және құлаққап, USB шнурларын тәркіледі.

Мекемеге әкелуге тыйым салынған заттар Ақтөбедегі тергеу изоляторындағы сотталғанға пошта арқылы сәлемдеменің ішіне жасырылып, жолданған. Алайда қулығын асырмақ болғандардың бұл әрекеті іске аспады. Тергеу изоляторының қырағы режим және күзет бөлімінің қызметкерлері сәлемдемені мұқият тексеру кезінде пластик тарақтың ішіне жасырылған екі шағын телефонды SIM-карталарымен бірге, ал шәй қорабынан смартфонды  SIM-картасымен бірге тәркіледі. Сондай- ақ ҚАЖ қызметкерлері печенье қаптамасына жасырылған екі бірлік USB шнурын және құлаққапты тәркіледі.

– Қазіргі уақытта пошта арқылы сәлемдемені жолдаған азаматтың жеке басы анықталып жатыр. Анықталғаннан кейін құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша хаттама толтырылып, тиісті шара қолданылатын болады, – дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру