Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер жолда тұрып қалған Ресей азаматына көмектесті

Шымкенттік полицейлер жолда тұрып қалған Ресей азаматына көмектесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

27 қарашада Ресей Федерациясынан келген ауыр жүк көлігінің жүргізушісі бағыттан ауытқып, Шымкент қаласы аумағына кіріп кетеді. Осылайша, оған Шымкент ҚПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері көмек көрсетті.

Анығырақ айтсақ, шетел азаматы Ресей Федерациясынан Алматыға қарай бағыт алған. Шымкент қаласына келгенде ауа райының тұманды болуына байланысты қала ішінде адасып қалған. Оқиға орын алған күні патрульдік полиция полкінің 786 автоэкипажының инспекторлары М.Пернебаев пен Е.Абигалиев өз әкімшілік аумағында қызметте болған. Көше бойында тұрып қалған ауыр жүк көлігін байқап, мән-жайды сұрастыра бастайды.

– Сұрай келе автокөліктің құрылысы аяқталмаған аймақта батпаққа батып қалғаны белгілі болды. Осылайша, екі сағаттан астам уақыт бойы жүргізуші сол маңда тұрып, сарсаңға түскен. Біз жағдайды түсінген бойда дереу көмекке арнайы техника шақыртып, ауыр жүк көлігін сүйреп шығаруға көмектестік, – деді полицей М.Пернебаев.

Автокөлік қайта іске қосылғаннан кейін Ресей азаматы өз жолын жалғастыруға бағыт алып, шымкенттік сақшыларға риясыз алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру