Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда түнде серуендеген балалардың ата-аналары жауапқа тартылды

Павлодарда түнде серуендеген балалардың ата-аналары жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Полицейлер ата-аналарға балалардың сыртта және ойын-сауық орындарында белгіленбеген уақытта болғаны үшін жауапкершілік туралы еске салады. Мұндай “серуендер” кәмелетке толмағандар үшін қауіпсіз емес және ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Сағат 22:00-ден таңғы 06:00-ге дейін баланың ойын-сауық орындарында (түнгі клубтар, кафе-барлар, мейрамханалар, кинотеатрлар және т. б.) заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болуына, сондай-ақ оны жіберуге тыйым салынады; сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде бола алмайды.

Егер сіз баланы қоқысты шығаруға немесе дүкенге белгісіз уақытта баруға жіберсеңіз де, бұл ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша бұзушылық болады. ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабына сәйкес түнгі уақытта болғаны үшін;
• ойын-сауық орындарында сағат 22:00-ден таңғы 06:00-ге дейін 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады;
• үйден тыс жерде 23:00-ден 06:00-ға дейін алдымен ескертіледі. Егер мұндай факт жыл ішінде қайталанса 7 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Баланың сағат 22.00-ден кейін ойын-сауық мекемесінде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болғаны үшін иелері ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша жауапқа тартылады.
Айыппұл мөлшері:
• Жеке тұлғаларға – 10 АЕК, құқық бұзушылық қайталанған жағдайда – 20 АЕК;
• шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 15 АЕК, қайталанған жағдайда – 30 АЕК;
• орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30 АЕК, қайталанған жағдайда – 50 АЕК;
• ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 АЕК, қайталанған жағдайда – 100 АЕК.

– Жыл басынан бері рейдтік іс-шаралар барысында құқықтық тәртіп сақшылары 2702 ата-ананы жауапқа тартты. Оның ішінде: 380 – бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін, 2322 – балалардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында және тұрғын үй-жайлардан тыс жерде болғаны үшін. Бұдан басқа 54 кәсіпкерлік субъектісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды, – деп хабарлайды Павлодар облысы ПД-ның Жергілікті полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибігүл Қамзина.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру