Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“ТV-кабельдерін орнатамын”: Шымкентте кезекті алаяқтық жайты анықталды

 Шымкентте ТV-кабельдерін орнатамын деп алдаған алаяқ ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz. 

20 қарашада Қаратау АПБ-ға жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол арызында белгісіз азамат өзін ТV-кабельдерін қосатын кәсіпорын қызметкерімін деп таныстырғанын және арнайы жүйеге жеке куәлігін тіркеу үшін сұрап алып, банк қосымшасы арқылы 117 мың теңгеге несие рәсімдеп, түскен қаржыны заңсыз иемденіп алғаны жөнінде жазып көрсеткен.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні қала аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының уақытша жұмыссыз 29 жастағы тұрғыны болып шықты.

Ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да алаяқтық жайтына қатыстылығы анықталуда. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру