Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үйінде марихуана сақтаған ШҚО тұрғыны ұсталды

Шығыс Қазақстан тұрғыны марихуананы бөтелкелерде және газет орамаларында сақтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Рефлекс” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Самар ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері есірткі сақтады деген күдікпен 57 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Жедел тінту кезінде полицейлер қоңыр түсті затпен екі бөтелкені, қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес зат оралған полимерлі буманы және құрамы соған ұқсас зат оралған қағаз бумасын тауып алып, тәркілеген.

Сараптама көрсеткендей, ұсталған азаматтан алынған заттар салмағы 44,19 грамм кептірілген марихуана болып шықты. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Аталған қылмыс үшін 160 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын жүргізу не 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру