Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында жүзге жуық этникалық қазақ ҚР азаматтығын алды

Биыл Ақмола облысында жүзге жуық этникалық қазақ ҚР азаматтығын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысының Полиция департаменті елімізде тұрақты тұратын “қандас” мәртебесі бар азаматтардың тұру мерзіміне қарамастан Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген (тіркеу) тәртіппен ала алатынын еске салады. Сондай-ақ Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар ҚР азаматтығын ала алады.

Мәселен, облыста жылдың басынан бастап жеңілдетілген (тіркеу) тәртіппен 97 азамат Қазақстан азаматтығын алды, оның 25-і 18 жасқа толмаған балалар.

Ақмола облысына келген және ҚР азаматтығына қабылданған “қандас” мәртебесі бар азаматтардың жартысынан көбі Моңғолиядан – 41, Өзбекстан Республикасынан – 26 азамат, Қытай Халық Республикасынан – 15, Ресей Федерациясынан 11 этникалық қазақтар және т. б.

Айта кету керек, Қазақстан азаматы мәртебесін алудың бірқатар артықшылықтары бар, біріншіден, бұл еңбек қызметін ресми жүргізу мүмкіндігі, компанияларда немесе мемлекеттік мекемелерде жұмыс алу, жәрдемақыларды ресімдеу, жеңілдіктер алу және сайлауға қатысу мүмкіндігі, тегін білім беру және медициналық қызмет көрсету, балалардың балабақшаға, мектепке баруы — ҚР азаматтығының тағы бір маңызды артықшылығы.

Ақмола облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасында тұрақты тіркеуі жоқ қандастар оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен тұрақты тұруға рұқсат алу және Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау үшін ПД бастығының атына өтінішпен жүгінуге құқылы екендігі түсіндірілді.

Сонымен бір мезгілде азаматтар шетел азаматтығынан нотариалды куәландырылған жазбаша бас тартумен азаматтығы мәселелері бойынша шешім қабылдайтын келген мемлекеттің лауазымды адамына жүгінуі қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру