Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығыс Қазақстан полицейлері жоғалған 5 млн теңгенің малын иесіне қайтарды

Шығыс Қазақстан полицейлері жоғалған 5 млн теңгенің малын иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО полицейлері 48 сағат ішінде құны 5 миллион теңгеден асатын малды тауып, иелеріне қайтарған. Шығыс Қазақстан облысының аумағында 28-30 қараша аралығында полиция қызметкерлері мал ұрлығын жасауға, оларды ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған “Мал ұрлығы” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Екі күн ішінде криминалдық полиция қызметкерлері бұрын жасалған мал ұрлығының 10 фактісін ашты. Олардың бірі “ауыр” санатта. Сонымен қатар полицейлер сомасы бес миллион теңгеден астам 19 бас малды қайтарып берген.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары аумақтық ветеринария қызметтерімен бірлесіп мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын 400-ден астам көлікті тексерген. Тексеру шаруа қожалықтарында, мал мен ет өнімдерін өткізу орындарында жүргізілді.

Нәтижесінде ветеринария саласында 35 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 22-сі тиісті құжаттарсыз мал немесе ет тасымалдағаны үшін тіркелген. 48 сағат ішінде өткен ЖПІШ барысында 80-нен астам қожайын мал баққаны үшін жауапкершілікке тартылғанын атап өткен жөн. Аталған бағыттағы жұмыс департамент басшылығының тұрақты бақылауында болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру