Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер есінен танып қалған жүргізушіге алғашқы көмек көрсетті

Түркістан облысының полицейлері есінен танып қалған жүргізушіге алғашқы көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полицейлері күнделікті өздеріне жүктелген қиын да қауіпті жұмыстарымен қатар, қажет сәтте дәрігердің де қызметін атқарып, қиналған жанға алғашқы көмек береді.

Әлеуметтік желі қолданушысының бірі полицейлердің жүргізушіге алғашқы медициналық көмек көрсеткеніне куә болып, өз парақшасында алғыс жазбасын қалдырған. 

– Бүгін Ақсукент тас жолында Lada Priora көлігі тоқтап тұрғанын көрдім. Көлік иесі есінен талып қалған екен. Мен дереу тоқтап, дәрігер ретінде көмектесейін деп барсам, үш полицей көмектесіп жатқанын байқадым. Бірі арнайы жақ бетімен ұстап жатқызған, екіншісі тілін қайтарған, ал үшіншісі жолда көлік кептелісі болмау үшін жолды реттеп тұр. Мен қалай көмек көрсеттіңіз деп сұраған кезімде, оларды арнайы оқудан өткізетінін айтты. Сайрам ауданы Полиция басқармасына алғысым шексіз. Халыққа жақын полиция деп осыны айтуға болады, – деп тұрғын ізгі тілегін жеткізген.

Бұл жазбаны өзге де желі қолданушылары бөлісіп, аталмыш полицейлерді марапаттау керектігін жеткізген. Сайрам ауданында орын алған бұл жағдайда денсаулығы сыр берген жүргізушіге көмектескен полиция қызметкерелір Бахадүр Кұрбантаев, Ержан Матов Абзал Әбдірасилов екені анықталды. Аталмыш полицейлер сол күні түнгі уақытта рейд жұмыстарын жүргізіп келе жатқан. Содан жол бойында белгісіз ер адам тоқтатып, көлікте жүргізушінің талып қалғаны туралы жеткізген. Мұны естіген полицейлер бірден әрекет етіп, екеуі жүргізушіні көліктен шығарып, алғашқы көмекті берсе, соңғысы жедел жәрдем шақырып, көшеде кептеліс болдырмау шараларын атқарған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру