Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО тұрғынынан екі мылтық пен 250 патрон тәркіленді

СҚО тұрғынынан екі мылтық пен 250 патрон тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері Қызылжар ауданының 66 жастағы тұрғынынан екі бірлік қару мен патрондардың үлкен қорын тәркіледі. СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу кезінде тіркелмеген қаруды сақтау фактісін анықтады. Ер адамның тұрғылықты жерінен шағын калибрлі ТОЗ-17 винтовкасы мен оған арналған 170 патрон, сондай-ақ ИЖ аңшы мылтығы мен тегіс ұңғылы қаруға арналған 80 патрон алынды. Заңсыз сақталған барлық заттар алынып, сараптамаға жіберілді.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тегіс ұңғылы мылтықты сақтау фактісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабы бойынша материал жиналды.

– Ер адамның сөзінше, ол қарудың аталған үлгілерін бірнеше ай бұрын қараусыз қалған бос үйден тауып алған. Естеріңізге сала кетейік, тіркелмеген қару – қауіпті. Ол оқыс оқиғаға себеп болуы не болмаса криминалдық мақсатта қолдану үшін ұрлануы әбден мүмкін. Тыйым салынған заттарды ерікті түрде тапсыру тіркелмеген қару үшін көзделген жауапкершіліктен босатады, – дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мадияр Харипов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру