Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанадағы түнгі клубта бармен есірткі сатқан

Елордалық түнгі клубтың 22 жастағы бармені есірткі таратқаны үшін ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті өзінің жұмыс орнында – түнгі клубтың бар үстелінде мефедрон сатуды ұйымдастырып, жастарды азғырған.

Астана қаласы прокуратурасының өкімі шеңберінде және оны үйлестіру кезінде жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін өткізгеннен кейін жеткілікті дәлелдеме базасын алып, Астана қаласы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткіні ойын-сауық орындарында өткізгені үшiн түнгі клубта бармен болып жұмыс істейтін жас жігітті ұстады.

Бұдан әрі тергеу амалдары ұсталған азаматтың тұрғылықты мекенжайы бойынша жалғастырылды.

– Ұсталған азаматтың досымен бірге жалға алған пәтерін тінту кезінде «каннабис» және «синтетикалық» топтың есірткі заттары да тәркіленді. Бұл шамамен 20 дана бір реттік дозаны құрайды. Ұсталған азамат алдағы күндері оны өткізуді жоспарлаған, – деді елордалық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығы Рустам Гасизов.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында барлығы 4 грамм мефедрон және 11 грамм гашиш тәркіленді.

Есірткіні аса ірі мөлшерде өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің мүлкі тәркіленді.

Ұсталған азамат Астана қаласы ПД Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру