Атырауда жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды
Атырауда жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
19 желтоқсан сағат 21:50 шамасында Әуезов көшесі 52а үй тұсында 48 жастағы жаяу жүргінші ер адамды маркасы және мемлекеттік белгісі белгісіз көлік құралы қағып құлатып, ішкі істер органдарына хабарламай, оқиға орнынан кетіп қалған. Алған дене жарақаттарының салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапқан.
Атырау қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күдікті көлікті іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы Стаханов көшесінде орналасқан гараждардың арасынан Mercedes Benz көлік құралын анықтады. Жүргізушісі 34 жастағы азаматтың көлікті алкогольдік мас күйде басқарғаны анықталды.
Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігімен және 347-бабымен Атырау қалалық Полиция басқармасының №1 полиция бөлімінің қылмыстық іс тіркеліп, жедел тергеу тобымен тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.