Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семей тұрғынынан “синтетиканың” аса ірі партиясы тәркіленді

Семей тұрғынынан “синтетиканың” аса ірі партиясы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 қаңтар күні Абай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс орталығындағы мектептердің бірінің жанында аса ірі мөлшердегі психотроптық заттарды заңсыз өткізді деген күдікпен Семей қаласының тұрғынын ұстады.

Жедел деректерге сүйенсек, ұсталған адам интернет-дүкеннің психотроптық заттарының “жеткізушісі” болып жұмыс істеген, бұл жерде оның жұмысы облыс орталығының аумағында тыйым салынған заттарды қойып кетуді жүзеге асыру болған.

Ұсталған сәтте күдіктіні жеке тінту барысында одан 9 дана мөлшерінде дайындалған оралған полиэтилен орамы тәркіленді. Алынған психотроптық заттың жалпы салмағы 9,42 грамды құрайды. Бұл өте үлкен үлкен мөлшерге жатады.

Күдікті Семей қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, оның санкциясы 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру