Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері браконьерлерден қырғауыл еті мен қаруды тәркіледі

Түркістан облысының полицейлері браконьерлерден қырғауыл еті мен тіркелмеген қаруды тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара аудандық полиция бөлімінің полицейлері браконьерлік пен табиғат қорғау заңнамасын бұзушылардың жолын кесу мақсатында жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізіп, жабайы құстарды заңсыз аулаудың кезекті дерегін анықтады.

Нақтырақ айтсақ, Сырдария өзені жағасындағы Көксу кентінің маңында түнгі сағат 23:20 шамасында учаскелік полиция инспекторлары “Охотзоопром” өкілдерімен бірлесіп, Opel Vectra автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде автокөліктің салонында Шардара ауданының тұрғындары, яғни жүргізуші мен үш жолаушы болған. Заттай дәлел ретінде браконьерлерден бір аңшылық мылтық пен атылған екі қырғауылдың еті тәркіленді.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің екі бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, олар: 612-баптың 2-бөлігі (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы) мен 590-баптың 9-бөлігі (Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу).

Автокөлік айыптұраққа қойылды. Сондай-ақ тіркелмеген атыс қаруына сот-криминалистикалық сараптама тағайындалды.

Жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы 1-бөлігі (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы) бойынша сотқа жіберілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру