Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде полицейлер қашып кеткен жасөспірімдерді іздеп тапты

Өскеменде полицейлер бейімдеу орталығынан қашып кеткен жасөспірімдерді іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қаңтарда сағат 20:20 шамасында “102” арнасына кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиешісі шағымданған. Ол 17 жастағы екі тәрбиеленушінің орталықтан өз еріктерімен кеткенін хабарлады.

Жасөспірімдердің жүрген жерін анықтау мақсатында дабыл бойынша жедел-іздестіру тобы дереу жиналды. Тәртіп сақшылары қандай да бір ақпаратты білетін жолаушылардан, таныстардан сұрастырып, іргелес аумақтарды: алаңдар, саябақтар, жастар көп жиналатын орындар, дәмханалар, аулалар мен тұрғын үйлердің кіреберістерін мұқият іздестірген.

Ертіс ПБ учаскелік инспекторы Құсайын Асхаттың, Ертіс ПБ кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторы Мазбаев Русланның және жедел уәкіл Әлімханов Әнуардың қабылдаған шараларының нәтижесінде жасөспірімдер бір тәулікке жуық іздеуден кейін Согра маңындағы таныстарынан табылған. Қазіргі уақытта олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, олар табылғаннан кейін орталыққа жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру