Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының ПД сыртқы қызмет мамандарын оқыту тәсілдерін өзгертті

Қостанай облысының ПД сыртқы қызмет мамандарын оқыту тәсілдерін өзгертті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаментінде Қостанай облысында 2023-2026 жылдарға арналған үлгілі полиция мәдениетін қалыптастыру тұжырымдамасы әзірленді. Ол кадрлық әлеуетті дамыту, этикалық стандарттар мен коммуникациялық дағдыларды оқыту жөніндегі шараларды көздейді.

Тұжырымдаманы іске асыру үшін сыртқы қызмет мамандарын оқыту тәсілдері өзгертілді. Сервистік модель шеңберінде әрбір полиция қызметкері қоғамның сұраныстарын орындауға, қиын жағдайға тап болған азаматтарға уақытылы көмек көрсетуге, заңдылықты сақтауға бағытталуы тиіс.

– Бүгінгі таңда полицейлерге өте жоғары талаптар қойылады. Қызметкерлер заңнаманы, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін біліп қана қоймай, сондай-ақ физикалық дайындыққа, қару-жарақпен сенімді жұмыс істеуге, ең бастысы – дағдарыстық және штаттан тыс жағдайларда тиімді әрекет етуге тиіс, – деп атап өтті арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының бастығы Ербосын Байтеміров.

Ол үшін тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен патрульдік қызмет мамандарын әртүрлі жағдайларды модельдеу арқылы кәсіби қызметтің барлық бағыттары бойынша – жол реттеуден бастап қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша бастапқы тексеру іс-шараларына дейінгі білімді бекітеді.

Сонымен қатар орыс драма театрының актерлері тренингтер өткізіп келеді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары сөйлеу мәнерін, өзін-өзі бақылау қабілетін меңгеріп жатыр.

Полицияның қызметкері Талғат Қалисенов патрульдік полицейлер күн сайын қоғаммен диалог жүргізетінін және оның қаншалықты маңызды екендігіне қоғамның полицияға деген сенімімен байланысты екенін атап өтті.

– Біз алып жүрген білім тәртіп сақшыларының құзыретін кеңейтеді. Сабақтар әр түрлі бағытта жүретіні маңызды. Бұл кәсіби және жеке дағдыларды жүйелі түрде кеңейтуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті патрульдік полиция қызметкері.

Арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы Ербосын Байтеміровтың айтуынша, Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде полиция қызметкерлерін парасаттылыққа тексеру тетігін енгізу мәселесі де пысықталуда (Integrity Сһеск).

Барлық патрульдік көліктер пара беру қылмыстық құқық бұзушылық екендігі туралы стикерлермен жабдықталған. Мұндай ескерту азаматтарды да, полицейлерді де ескертеді.

Қостанай облысында үлгілі полиция мәдениетін қалыптастыру тұжырымдамасы басты нәтижеге – азаматтардың сенімін арттыруға бағытталғанын атап өту қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру