Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай полицейлері есірткі қойып кетушілерді ұстады

Қостанай полицейлері есірткі қойып кетушілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл қылмыстық іс-әрекетте 3 есірткі қойып кетуші ұсталды.

– Мәселен, жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қостанай қаласы колледждерінің бірінің студенттерін ұстады. Олар есірткіні үйлердің кіреберістерінде, соның ішінде пошта жәшіктерінде жасырған, – деді ПД бастығының орынбасары Дүйсембай Байбосынов.

Тінту кезінде студенттерден ақ түсті ұнтақ заты бар 50 байлам тәркіленді. Кейіннен жалдамалы пәтерді тінту кезінде ірі көлемде 192 грамм синтетикалық препарат-мефедрон табылды. Қазіргі уақытта күдіктілер ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша уақытша ұстау изольяторына қамауға алынды.

– Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында осы қылмыспен айналысқан 23 жастағы күдікті ұсталды. Тінту кезінде одан салмағы 20,08 грамм болатын А-PvP есірткі психотроптық заты тәркіленді. Ұсталған адам қамауға алынды6 – деді Дүйсембай Байбосынов.

Осы фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Полиция есірткі таратумен айналысатын адамдарды анықтау бойынша іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіліп жатқанын атап өтті. Жыл басынан бері Қостанай полицейлері заңсыз айналымнан бір келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру