Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда өзгенің үйінен техника мен ыдыс-аяқ ұрлаған жігіттер анықталды

Түркістанда өзгенің үйінен техника мен ыдыс-аяқ ұрлаған жігіттер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық полициясы басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, түнгі уақытта белгісіз біреулер үйінен теледидар, ноутбук, тұрмыстық техника, ыдыс-аяқ және басқа да құнды заттарын ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі жарты миллион теңгеден асты.

Бұл жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді.

Түркістан қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы іздестіру іс-шараларын жүргізіп, үй ұрыларын ұстауға бағыт алды. Полицейлер ауланы аралап, бейнебақылау камераларын мұқият зерттеді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде учаскелік полиция инспекторлары бейнебақылау камераларының көмегімен екі күдіктіні анықтады.

Полиция басқармасына жеткізілген сезіктілер облыс орталығының тұрғындары болып шықты. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатыстылығы анықталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру