Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда болашақ заңгерлер ЖҚАЖ-ға жұмысқа шақырылды

Алматыда болашақ заңгерлер ЖҚАЖ-ға жұмысқа шақырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері кадрларды таныстыруды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің және Тұран университетінің базасында өткізді.

– Құқық қорғау қызметі – қауіпсіздікті, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік қызметтің ерекше түрі. Алматы қаласының полиция департаменті ҚР Ішкі істер министрлігінің негізгі бөлімшелерінің бірі саналады. Бүгінгі кездесудің басты міндеті – ішкі істер органдарына, атап айтқанда, жылдам қимылдайтын арнайы жасақ құрамында қызмет етуге шақыру, – деді Алматы қаласы ПД ЖҚАЖ командирі Үсен Әбілбаев.

Қызметке жарамдылығын анықтау үшін ІІО кандидаттар әскери-дәрігерлік комиссияда медициналық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық тексеруден өтуі тиіс. Үміткерлер ҚР ІІМ ведомстволық жоғары оқу орындарының арнайы оқу курстарына түсер алдында дене дайындығы бойынша нормативтерді тапсырады және конкурстық комиссияда әңгімелесуден өтеді.

Дайындық курстары аяқталғаннан кейін кандидаттар лауазымдарға бекітіледі және оларға орта басшы құрамның бірінші арнаулы атағы “полиция лейтенанты” беріледі. Бір жыл бойы жас маман тұрақты тәлімгермен қызмет етеді. Осы кезеңде ішкі істер органдары жүйесіне бейімделу және қалыптасу процесі жүреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру