Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық полицейлер өрт сөндіру түтігін ұрлағандарды ұстады

Астанада полиция қызметкерлері өрт сөндіру түтік құбыры ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері өрт сөндіру түтік құбырын ұрлады деген күдіктілерді ұстады. Полицияға ЖШС өкілінен тұрғын үй кешенінде бірнеше күн бойы белгісіз адамдар өрт сөндіру түтік құбырларын ұрлағаны туралы арыз келіп түсті. Үш күн ішінде екі ер азамат 18 түтік құбырды ұрлап алып шыққан. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер ұрлыққа қатысы бар 26 және 24 жастағы екі астаналықты ұстады.

Тергеу барысында жігіттер мойындау көрсетпелерін берді. Олар өрт сөндіру түтік құбырларын өрт сөндіру жабдықтары сатылатын дүкенге өткізгенін айтқан.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру