Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада мас жүргізуші УҰИ-ға қамалды

Елордада мас жүргізуші УҰИ-ға қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, көшелерде және қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында елордалық полиция қызметкерлері көлік құралдарын мас күйінде басқаратын жүргізушілерді анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіледі.

Сағат 03.58-де “102” каналына Қабанбай батыр даңғылының бойымен “Астана Арена” спорт кешеніне қарай, күдікті тізгіндеген автокөлік жүріп келе жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Полиция қызметкерлері Mazda 323 автокөлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушіден алкоголь иісі шыққан. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша оның орташа ауырлықтағы алкогольдік мас күйде болғаны анықталды.

Видео осында.

Бұған дейін ол ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны және автокөлік құралын өмір бойы басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тәртіп бұзушы ПД УҰИ-ға орналастырылды. Автомашина коммуналдық тұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру